Басты бет Жаңалықтар Үкімет демалыс күндерін ауыстырды

Үкімет демалыс күндерін ауыстырды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

Фото: Gorlovka.today

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version