Басты бет Жаңалықтар Канело Головкиннің «ұлы боксшы» екенін айтты

Канело Головкиннің «ұлы боксшы» екенін айтты

Бокстан екінші орта салмақта өнер көрсететін әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес өзінің бұрынғы қарсыласы, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге қатысты пікір білдірді.

Фото: Сhampionat.com

Мексикалық боксшыдан қазақстандық спортшы туралы ойлағанда, бірінші есіне не түсетінін сұрады.

«Ұлы боксшы», – деп жауап берді Канело Brian Caunter-мен Last Stand Podcast-ында.

Головкинге немесе Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жектің қайсысы тәжірибе жағынан ең жақсы болды деген сұраққа Альварес тек біреуін таңдай алмайтынын, әр жекпе-жекте бір нәрсе үйренгенін айтты.

Еске салайық, Альварес Головкинмен екі рет кездесу өткізген. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте тең нәтижемен аяқталып, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетіп, Головкин алғаш рет жеңілген еді.

Exit mobile version