Басты бет Жаңалықтар Литвадан Нұр-Сұлтан мен Алматыға әуе рейстері ашылады

Литвадан Нұр-Сұлтан мен Алматыға әуе рейстері ашылады

Қазақстанның екі қаласынан Литваға тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Индустрия министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Рarstoday.com

Нұр-Сұлтанда ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің және Литваның азаматтық авиация басшылығының кездесуі өтті. Онда «Нұр-Сұлтан – Вильнюс» және «Алматы – Вильнюс» тұрақты әуе бағыттарын ашу, оған Венгрияның Wizz Air әуе компаниясын оператор етіп тағайындау мәселесі қаралды. Рейстерді 2022 жылдың 1 тоқсанында ашу жоспарланып отыр.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева және Литваның Көлік және коммуникация министрлігі Жол және авиациялық көлік саясаты тобының жетекшісі Владислав Кондратович әуе тасымалдары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, тұрақты рейстерді ашу ниеті көрсетілген хаттамамен алмасты.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім екі елдің Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялары ұшуға рұқсат бергеннен кейін қабылданады, − делінген баспасөз хабарламасында.

Exit mobile version