Басты бет Басты Тест: Жамбыл өлеңдерін жақсы білесіз бе?

Тест: Жамбыл өлеңдерін жақсы білесіз бе?

Биыл ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды. Оның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз? Baribar.kz дайындаған тестіден Жамбыл Жабаевтың өлең шумақтарынан жасырынған сөзді дұрыс тауып көріңіз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
0%

Бұл Жамбыл көрген бұрын талау-таран, Кез болды енді оған алтын заман, Кең жатқан байтақ ұлан шежіремін, Тарихтың ... қолыма алам!

Correct! Wrong!

Бұл Жамбыл көрген бұрын талау-таран, Кез болды енді оған алтын заман, Кең жатқан байтақ ұлан шежіремін, Тарихтың домбырасын қолыма алам!

Өнердің алды қызыл тіл, Тілде жүйрік ол дүлдүл. ... мұхит теңізі — Пушкинге бүгін бір жүз жыл.

Correct! Wrong!

Өнердің алды қызыл тіл, Тілде жүйрік ол дүлдүл. Ақынның мұхит теңізі — Пушкинге бүгін бір жүз жыл.

Миллионның жүрегі - Жақыны сенсің - ... !

Correct! Wrong!

Миллионның жүрегі - Жақыны сенсің - Ленин!

Ыстықта ұрттар сусын таппағанда, Ерте-кеш байлар ішкен ... қымыз.

Correct! Wrong!

Ыстықта ұрттар сусын таппағанда, Ерте-кеш байлар ішкен кәрі қымыз.

... Кәмшат қыздың көрдік көркін, Қондырған шекесіне құндыз бөркін.

Correct! Wrong!

Кермиық Кәмшат қыздың көрдік көркін, Қондырған шекесіне құндыз бөркін.

Өмірімді тіргізген, Өлеңімді өргізген — Айтам алғыс, Отаным! Айтам алғыс, ... !

Correct! Wrong!

Өмірімді тіргізген, Өлеңімді өргізген — Айтам алғыс, Отаным! Айтам алғыс, Сталин!

Домбырасын серік қып, Өткізді Жамбыл ғасырды. Өлеңді ... , өрнектеп Асулардан асырды.

Correct! Wrong!

Домбырасын серік қып, Өткізді Жамбыл ғасырды. Өлеңді төгіп, өрнектеп Асулардан асырды.

Заман-ақыр болған жоқ, Жамбыл сөзден ... жоқ,

Correct! Wrong!

Заман-ақыр болған жоқ, Жамбыл сөзден қалған жоқ,

Кең даласы қазақтың Құлпырады гүл жайнап, ... бір елім, Гүлстандай — алма бақ.

Correct! Wrong!

Кең даласы қазақтың Құлпырады гүл жайнап, Өзбекстан бір елім, Гүлстандай — алма бақ.

Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің! ... өзенін сүйкімді! Бұлағымдай көремін.

Correct! Wrong!

Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді! Бұлағымдай көремін.

Тест: Жамбыл Жабаев өлеңдерін қаншалық білесіз?
Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін бір шолып шыққаныңыз дұрыс.
Жаман емес. Жамбыл Жабаев өлеңінің біршамасымен таныс екенсіз.
Бәрекелді! Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жақсы біледі екенсіз.

Share your Results:

Exit mobile version