Басты бет Жаңалықтар «Көк» статусы бар азаматтар демалыс күндері қоғамдық орындарға бара алады

«Көк» статусы бар азаматтар демалыс күндері қоғамдық орындарға бара алады

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова "көк" мәртебесі бар адамдар демалыс күндері қоғамдық орындарға қандай жағдайда бара алатынын түсіндірді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Көк» статусы бар азаматтар демалыс күндері қоғамдық орындарға бара алады. Бірақ бұл үшін олар өздерімен бірге учаскелік дәрігердің медициналық анықтамасы бар екендігі және коронавирусқа қарсы вакцинациялауға болмайтындығы туралы анықтамаға ие болуы керек. Осы анықтаманы ұсынған кезде «көк» мәртебесі бар адам демалыс күндері қандай да бір объектіге баруға толық құқылы, – деп түсіндірді ол ОКҚ брифингінде.

Сархат Бейсенова болашақта анықтаманы алып жүру қажеттілігі жоғалатынын айтты.

Бүгінгі таңда Министрлік қосымшаға интеграциялану жүргізіп жатыр. Барлық техникалық жұмыстардан кейін «көк» статусы бар қазақстандық медициналық анықтама болған жағдайда «жасыл» статусқа ие болады, – деп түйіндеді спикер.

Exit mobile version