Басты бет Жаңалықтар 14 қазанда Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

14 қазанда Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

14 қазанда президенттің төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Фото: Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан алынды

Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды, – деп жазды баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Exit mobile version