Басты бет Қоғам Нұр-Сұлтанда мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны хабарланды

Нұр-Сұлтанда мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны хабарланды

Астананың мектептеріне жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама түсті.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Loris F. Alessandria

Бұл мәліметке қатысты Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Бүгін полицияның «102» пультіне хабарлама келіп түсті. Онда Нұр-Сұлтан жалпы білім беретін мектептерінің электрон поштасына белгісіз біреулер ғимараттарға жарылғыш заттардың қойылғандығы туралы хабарлаған.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті қызметкерлері тексеріс жүргізді. Ақпарат расталмады. Жарылғыш заттар анықталмады. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, — делінген полиция департаменті хабарламасында.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жарылғыш зат туралы жалған хабарлама қалдыру қылмыстық істің қозғалуына әкеп соғатынын ескертеді.

Азаматтардан мессенджерлерден жалған ақпарат таратпауларын және дүрлікпеуін сұраймыз, — делінген хабарламада.

Exit mobile version