Басты бет Жаңалықтар Алексей Цой биыл елімізде қауіпті инфекциялар тіркелмегенін айтты

Алексей Цой биыл елімізде қауіпті инфекциялар тіркелмегенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елімізде қауіпті аурулар тіркелмегенін айтты.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында министр 2021 жылғы 8 айда оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, туляремия, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелмегенін атап өтті.

2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 23 нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде жіті вирустық гепатиттермен 3 есе, менингококк инфекциясымен 2,6 есеге төмендеуі байқалды. Биыл қызылшамен сырқаттанушылық бірлі-жарым жағдайға дейін төмендеді, − деді Алексей Цой.

Одан өзге, Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева пандемия санитариялық-эпидемиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетіп бергенін айтты.

Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясына қарсы күрес бүкіл отандық денсаулық сақтау жүйесін қозғады. Қарапайым сөзбен айтқанда, COVID-19 пандемиясы біздің денсаулық сақтау саласын әбігерге салды. Бұл, әсіресе, санитариялық-эпидемиялық ахуалға әсер етті. Өкінішке қарай, өткен жылдың қайғылы салдары санитариялық-эпидемиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетіп берді, − деді Б.Кесебаева.

Exit mobile version