Басты бет Жаңалықтар Елімізде телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Елімізде телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

20 қазан күні Қазақстанда телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Қазақтелерадионың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Qazaqstan.tv

Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 2021 жылдың 20 қазан айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, − делінген таратылған хабарламада.

Жалпы мұндай жұмыстар тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт аралығында техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Exit mobile version