Сот оның арызын қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен өтеуге ауыстырған. Оның көлемі 241 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 702 мың теңге. Қала әкімі болған Қуаныш Азыхановқа 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған еді.
Тергеу мен сот 9 айға дейін жалғасқан еді. Нәтижесінде, 4 жыл 5 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Алайда, сот оның денсаулығына байланысты және қамауда болған кездегі тәртібін ескеріп босату туралы шешім шығарды.