Дүниежүзіндегі ең қауіпсіз елдердің рейтингі жарияланды

Рейтингте елдің көрсеткіші неғұрлым жоғары болған сайын, ол соғұрлым қауіпсіз саналады.

Қазақстанның индексі 46,23 құрады, — деп жазады finprom.kz.

Қауіпсіздік индексі елде қылмыс деңгейі қаншалықты төмен немесе жоғары  екенін көрсетеді. Индекс 20-дан төмен болса, елдегі қауіпсіздік деңгейі өте төмен, 20-дан 40-қа дейін – төмен, 40-тан 60-қа дейін – орташа, 60-тан 80-ге дейін – жоғары, 80-ден асса өте жоғары саналады.

ТМД елдері арасында Армения – 10-орын, Әзербайжан – 34-орын, Өзбекстан – 37-ші орын, Ресей – 52-орын,  Молдова – 76-орын, Украина – 81-орын алды. Қырғызстан мен Беларусь Қазақстаннан кейін жайғасты.

Ал әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімін Катар, БАӘ мен Тайвань бастап тұр. Рейтингтің соңында Венесуэла орналасқан.

Жыл басынан бері Қазақстанда 114 мыңға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 29 мыңы – ауыр және аса ауыр қылмыс.

Қылмыстың басым бөлігі Алматыда жасалған. Антилидер үштігіне, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Алматы облысы кірді. Қызылорда облысында қылмыс өте аз тіркелген – небәрі 2,6 мың.

Қазақстанда көбіне ұрлық (38,7 мың), алаяқтық (29 мың), ұсақ ұрлық (7,8 мың), есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы (4 мың) және жол қозғалысы немесе көөлік пайдалану ережелерін бұзу (2,3 мың) тіркелген.