Басты бет Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда бір топ адам мемлекет қаржысын жымқырды

Шығыс Қазақстанда бір топ адам мемлекет қаржысын жымқырды

Өскеменде мемлекетке 10 миллиард теңге мөлшерінде залал келтірген бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иллюстрация: 123ru.net

Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. Тергеу барысында 6 адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша фирмасын құрғаны белгілі болды. Фирмаларда қызметкерлер штаты да, мүлкі де, жиналмалы үй-жайлары да, өндірістік-техникалық базасы да болмаған және тіркеу орны бойынша орналаспаған.

Номиналды басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есебі жүргізілмеген.

Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында «Рич Ресурс», «Тұмар ВКО», «Вос-Торг 1» компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүкқұжаттарын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған. Мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы – 10,8 миллиард теңге. Сот үкімімен топ мүшелері – Закир Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Ануаров, Арман Маданов түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды, – деді департамент өкілі.

Exit mobile version