Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы өтеді

Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы өтеді

Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Denis Ten Memorial Challenge додасы өтеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Фото: Sportbox.ru

Мәнерлеп сырғанаудан Challenger бәсекесінің VII кезеңі Нұр-Сұлтанда 28-31 қазан аралығына жоспарланған. «Барыс Аренада» өтетін жарысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлерімен қатар, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спорт шеберлері бас қосады.

Халықаралық конькишілер одағының (ISU) аясында аталған жарыс екінші рет ұйымдастырылмақшы.

Exit mobile version