Рfizer бойынша қорытынды келісімшартқа қол қойдық. Рfizer компаниясында келісімнің бірнеше процесі бар. Қорытынды келісімшарт бойынша шамамен 4 миллион доза жеткізу жоспарланып отыр. Күтіп отырмыз. Жуырда – төртінші тоқсанда алумыз керек. Тиісінше, тоңазыту жүйесі толықтай түзіледі. Жеткізу кезеңінің өзінде Қазақстанның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті -80 градустық режимге сай болуы керек. Сондықтан, қажет жағдайдың бәрі жасалады, − деді ведомство басшысы.
Министр вакциналау бекеттерінде қазірдің өзінде вакцина сақтауға барынша жағдай жасалғанын еске салды.