Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қанша адам салдырды?

Фото: Бақдәулет Әбудалы

6 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 7 766 146  адам вакцина салдырды, II компонентпен 6 756 266 адам,  делінген хабарламада.

Вакциналау бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 960 857 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 906 350.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 158 366 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 828  адамнан коронавирус анықталды.

Exit mobile version