Басты бет Жаңалықтар Президент жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Президент жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Фото: Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан алынды

Сапар барысында президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Exit mobile version