Басты бет Жаңалықтар Мәскеуде каратэден 4 отандасымыз финалға шықты

Мәскеуде каратэден 4 отандасымыз финалға шықты

Мәскеуде каратэден премьер-лига турнирі жалғасып жатыр. Бүгін финалдық бәсекелер өтеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті.

Фото: Оlympic.kz

Қазақстан сапынан төрт спортшы алтын жүлдеге таласады.

Айта кетейік, қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі) және Софья Берульцева (68 келі) ақтық сында айқасады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай финалдық жекпе-жекте күш сынайды.

Exit mobile version