Басты бет Жаңалықтар Шортандыда із-түссіз кеткен бала әкесінің көлігінен табылды

Шортандыда із-түссіз кеткен бала әкесінің көлігінен табылды

Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданында жоғалған бала әкесінің көлігінің жүксалғышынан табылды. Бұл туралы облыстағы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 30 қыркүйекте Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2009 жылы туған ұлын іздеуге көмек сұраған.

29 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында кешкі астан кейін ұлы үйден шығып кеткен.

Баланы іздеуге жедел-тергеу тобы, ювеналды полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Олар бірінші кезекте жоғалған баланың үйі орналасқан аумақыт сөзіп шықты. Нәтижесіне, бала әкесінің көлігінің жүксалғышында ұйықтап жатқан жерінен табылды, − деді ведомствода өкілі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белгілер анықталған жоқ. Бала ата-анасымен қауышты.

Exit mobile version