Басты бет Жаңалықтар Елімізде астық қоры жеткілікті ме?

Елімізде астық қоры жеткілікті ме?

Республикадағы қоймалардың сыйымдылығы 29 миллион тоннаны құрайды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров айтты.

Фото: Еldala.kz

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, республикада 3,5 миллион тонна астық былтырдан қалған. Соның 2,8 миллион тоннасы – бидай.

Астықтың күтілетін жалпы мөлшері және былтырдан қалған астықты есептегенде, еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Баға қымбаттауы мүмкін деп айтылуда, алайда егін жеткілікті болғандықтан, бұл тұрғыда проблема болмайды, − деді вице-министр Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен бірге республикадағы қоймалардың сыйымдылығы 29 миллион тоннаны құрайтынын айтты. Соның ішінде элеваторлар – 12,4 миллион тонна. Оған 2,6 миллион тонна астық түсірілген. Оның 2,2 миллион тоннасы – бидай. Түскен бидайдың 91%-і бірінші, екінші, үшінші сұрыпқа жатады. Ал 2023 жылы ол көрсеткіш 83%-і құрайды деп күтіліп отыр.

Exit mobile version