Басты бет Қоғам Юрий Ильин: Жыл басынан бері тұрмыстық газ салдарынан 16 адам қаза тапты

Юрий Ильин: Жыл басынан бері тұрмыстық газ салдарынан 16 адам қаза тапты

2021 жылдың басынан бері газды тұрмыста пайдалану нысандарында 51 оқыс оқиға тіркелді.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Andy Kurochkin

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке проблемалы мәселе тұрмыстық газды пайдаланумен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу болып отыр. Осы жылдың басынан бері газды тұрмыстық пайдалану нысандарында 51 оқиға орын алып, 88 адам зардап шекті. Оның 16-сы қаза тапты. Газ-техникалық инспекция қызметінің құқықтық негізін қамтамасыз ету үшін «Азаматтық қорғаныс туралы» заңға газ-техникалық инспекция қызметкерлеріне газ тұтынужүйесіне қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарға бақылау жүргізу құзіретін жүктейтін тиісті түзетулер енгізілді, — деді министр Үкімет отырысында.

Ведомств басшысының айтуынша, қазіргі уақытта бақылаудың аталған саласындағы тәуекел деңгейі мен тексеру парақтарын бағалау критерийлерін бекіту процедурасы жүргізіліп жатыр.

Тұрмыстық газ балондарын пайдалануға тиімді бақылау мәселелерін заңнамалық реттеу бағытында да жұмыс жалғасып жатыр. Халықтың ескі және мерзімі өткен баллондарды пайдалануы жағдайды күрделендіріп отыр. Қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, таяу маңдағы автогаз құю стансаларынан баллондарын толтыра салуды дағдыға айналдырған, — деді Юрий Ильин.

Exit mobile version