Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет қаулысымен Жеңіс Әлібекұлы Өсербай Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.
Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ресей Федерациясы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист ретінде бастаған.
2001-2002 жылдары жеке ұйымның қаржы талдаушысы болып жұмыс істеді.
2004-2006 жылдары «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері болды.
2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды.
2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін «К-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарма төрағасының кеңесшісі болды.