Басты бет Жаңалықтар Вакцинаның ІІ дозасын салдырмағандардың статусы «көкке» ауысады

Вакцинаның ІІ дозасын салдырмағандардың статусы «көкке» ауысады

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Gov.kz

Қаулыға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырған азаматтардың «жасыл» мәртебесі 21 күн сақталады. Егер адам екінші компонентін салдырмаса, мәртебесі «көкке» ауысады.

Вакцинаның толық курсын салдырған азаматтар бір жыл көлемінде «жасыл» мәртебеге ие болады.

Ал коронавируспен ауырып, айыққандар үш ай көлемінде «жасыл» мәртебе көрсетеді.

«Сары» мәртебесі бар азаматтар ПТР-тесті оң нәтиже берген адаммен байланысқан күннен бастап 14 күнтізбелік күннен кейін «көкке» ауыстырылады.

Exit mobile version