Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның солтүстік-батысында қар жауады

Қазақстанның солтүстік-батысында қар жауады

Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: "Қазгидромет" РМК

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын, солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстікте, батыста найзағай ойнайды, − делінген хабарламада.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетсе, Ақмола облысында жел едәуір күшеюі мүмкін.

Сонымен бірге Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарында да жел болады. Ал Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында найзағай соғып, жаңбыр жауады.

Exit mobile version