Басты бет Жаңалықтар Алматы облысының тұрғыны шетелдікті ұрып өлтірді

Алматы облысының тұрғыны шетелдікті ұрып өлтірді

Алматы облысында ер адам Өзбекстан азаматын күрек сабымен ұрып өлтірді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Фото: Polisia.kz

Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 42 жастағы Өзбекстан азаматы есін жимастан ауруханада қайтыс болды.

Оқиғаның барлық мән-жайын зерттегеннен кейін тәртіп сақшылары Қарғалы ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктінің айтуынша, ол жәбірленушімен таныс болмаған. Ол кездестірген досының жанында болған. Екеуі шамамен бір литр арақ ішкен, содан соң өзара сөзге келген.

Даудың соңы төбелеске ұласып, ол қарсыласының басынан күрек сабымен үш рет ұрып, оны сұлатып оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, − делінген хабарламада.

Exit mobile version