Басты бет Жаңалықтар Алматыда қаруы бар адам балабақшаға кірмек болды

Алматыда қаруы бар адам балабақшаға кірмек болды

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақша аумағына кірмек болған. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Фото: Алматы Полиция департаменті

Мәліметтерге сүйенсек, бұл оқиға Наурызбай ауданындағы коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабақшасында болған. Әлеуметтік желіде оқыс оқиға туралы қызу талқыланып жатыр. Балабақша күзеті полиция жасағын шақыруға мәжбүр болды.

Қару газ тапанша екені анықталды, ресми рұқсат құжаты бар. Іс жүргізу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады, − делінген хабарламада.

Exit mobile version