Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Air Astana ұшағының Атырау әуежайына шұғыл қону себебі белгілі болды

Wikimedia.org

Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 қыркүйек күні сағат 21.35-те Атырау халықаралық әуежайына Boeing-767 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды. Себебі – жанар-жағармай жүйесіндегі техникалық ақау. Борт Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл бағытында ұшып бара жатқан. Ұшақ Air Astana әуе компаниясына тиесілі, — делінген хабарламада.

Ұшақ бортында 205 жолаушы, оның ішінде 5 бала және экипаждың 5 мүшесі болған. 4 жолаушы Атырауда тұратын туыстарының үйіне барса, 2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтанға ұшып кеткен. Ал қалған 199 жолаушы Sulo Hotel қонақ үйіне орналастырылған.

Ұшақты техникалық қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 24 қыркүйек күні сағат 14.00-де Boeing-767 ұшағының Ыстамбұлға ұшып шығуы жоспарланған, — делінген хабарламада.

Exit mobile version