Басты бет Жаңалықтар Шымкенттегі аттракционда бір адам қайтыс болды

Шымкенттегі аттракционда бір адам қайтыс болды

Шымкентте 22 қыркүйекте кешкі сағат 21:00 шамасында "Қиял әлемі" технопаркінде ер адам қайтыс болды.

Фото: 24.kz

Белгілі болғандай, 50 жастағы ер адам «Балға» аттракционына мінген кезінде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады. Дәрігерлердің айтуынша, өлімнің себебі – инфаркт болған.

Ал куәгерлер болса, технопарк қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсете алмағанын айтты. Саябақ қазір жабық, құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұл «Қиял әлемі» технопаркінде орын алған алғашқы қайғылы оқиға емес. Осы жылдың мамыр айында 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғадан қаза тапқан еді.

Exit mobile version