Басты бет Жаңалықтар 62 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

62 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда 21 қыркүйектің қорытындысы бойынша коронавирустан 53 адам қайтыс болды, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 9 өлім дерегі тіркелді.

Фото: Күнту Арынбек

22 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 66 215 адам коронавирус инфекциясынан (57 473+ және 8 742 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 962 адамның жағдайы ауыр;
  • 239 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 131 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Статистика. Коронавирус
Иллюстрация: Сoronavirus2020.kz

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 2 693 адамнан коронавирус анықталды.

Exit mobile version