Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық 7 видео-блогер

Қазақстандық 7 видео-блогер

Youtube.com сайтына не үшін кіресіз? Клип көру үшін? Сериал? Одан басқа бұл жерде қазақ тілінде кітап, кино, саяхат, әдемілік сияқты тақырыптарды талқылайтын арналар бар. Назарларыңызда қазақ тілді 7 видео-арна.

Айжан Кәрібаева

Арна атауы: kerbezful

Жазылушы саны: 5 600

Айжан Америка саяхатынан, күнделікті Алматы өмірінен және де түрлі тақырыптағы макияж жасау, шаш бұйралау, сән, музыка, кино, кітап тақырыптарында видео-блогтар түсіреді. Қазіргі таңда  Айжанның арнасында 85 видео бар.

Марфуға Шапиян

Арна атауы: Марфуға Шапиян

Жазылушы саны: 724

Кітап оқығыңыз келеді, бірақ қайсынан бастауды білмей жүрсіз бе? Онда бұл арна сіз үшін. Ол жерден Марфуғаның өзі оқыған кітаптары туралы рецензиясын тыңдап, Моңғолияға сапары мен одан да өзге тақырыптардағы танымдық видеоларды тамашалай аласыз. Марфуғаның арнасында қазір 22 видео бар.

Айдана Аламан

Арна атауы: Айдана АЛАМАН

Жазылушы саны: 202

Қандай кино көруді білмей жүрсеңіз, Айдананың арнасына кіріп, отандық киноөндірістің жаңа туындылары туралы ойларымен танысып шығуға шақырамыз. Ол «Біздің өнер» айдарында кино және театр туындылары туралы сөз етеді.

Жандос Құсайынов

Арна атауы: Channel Z

Жазылушы саны: 375

Жандостың арнасынан да сапалы кинорецензиялар табуға болады. Ол «Жақсы кино» тақырыбында өзі көрген фильмдер туралы ойларымен бөліседі. Киносүйер қауым үшін таптырмайтын блог. Алайда, видеолар сирек жаңартылатынын ескерте кетейік.

Айжан Аксамбаева

Арна атауы: Айжан Аксамбаева

Жазылушы саны: 1088

Айжан өз көрермендеріне мамандық таңдап, ҰБТ тапсыру, оқуға түсу, ағылшын тілін үйрену, IELTS тапсыру сынды пайдалы кеңестерін ұсынады. Орыс тілінде де влог жүргізеді.

Гүлназ

Арна атауы: GK Queen

Жазылушы саны: 9 478

Гүлназдың тақырыптары сан алуан. Ол арнасын «Жаужүрек Гүлназ», «Сұрақ&Жауап», «Анау-мынау», «Шаш үлгілері», «Күтім&Кеңес», «Тағам дайындау», «Өз қолыңмен жаса» деген айдарларға бөліп қойған.

https://www.youtube.com/watch?v=OcWSJlO5GiA&index=3&list=PL8j2A59R8AEVFCvaHF6TrV0uGhfDtGu7I

Іңкәр Садуақасова

Арна атауы:Инкар Садуакасова

Жазылушы саны: 4 800

Іңкәр өз арнасында саяхат, ән және өзге де тақырыптарға видео-блогтар түсіреді. Жас та болса, 5 мыңға жуық көрермені бар жас влогердің туындылары қызықтырса, қарап шығуға кеңес береміз.

https://www.youtube.com/watch?v=DR5FP6PUVAo

7 пікір

    • Мағанда Vibe of voyage каналы ұнайды!!!!! Қыздар да өте сүйкімді және Жапонияның да керемет жерлерін көрсетеді!!!! Және бастысы бәрі қазақ тілінде сөйлейді!!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version