Басты бет Қоғам Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды қала күнімен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды қала күнімен құттықтады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегополис тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтады.

Фото: Бақдаулет Әбдуалы

Қала күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, табыс пен бақ- береке тілеймін!, — деп жазды Алматы әкімі Instagram-парақшасында.

Бақытжан Сағынтаев Twitter-парағында қала күні қарсаңында бірнеше азаматқа құрмет көрсеткенін жазды.

Қала күні Алматының Құрметті азаматтарына құрмет көрсеттік. Олар қоғамдық және мемлекеттік қызметкер Т. Досмұхамбетов, музыкатанушы Ю. Аравин, Еңбек сіңірген сәулетші Т. Ералиев, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Л. Қалтаева, Қазақстанның Халық әртісі Н. Нүсіпжан, — деді әкім.

Алматы, Сағынтаев
Фото Бақытжан Сағынтаевтың Twitter-парағынан алынды

https://twitter.com/sagintayev_b/status/1439440321876828161

Exit mobile version