Басты бет Қоғам Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосы жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосы жарияланды

Қазақстанның бұрынғы президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосын жариялады.

Видео скрині

Мұрағаттан алынған кадрлар Instagram желісінде пайда болды.

Видео сипаттамасындағы мәліметке сүйенсек, гольф – Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі. Елбасы әлемге әйгілі саясаткерлермен және бизнесмендермен бірге әртүрлі халықаралық турнирге жиі қатысатын, — делінген хабарламада.

Видеодан Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүргенін көруге болады, онда президент Қасым-Жомарт Тоқаев та байқалады.

Elbasy.kz сайтындағы мәлімет бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев тенниске де қызығушылық танытады, ол 55 жасында шаңғы тебуді бастаған.

Exit mobile version