Басты бет Жаңалықтар ШЫҰ кеңесі тікелей эфирден көрсетіледі

ШЫҰ кеңесі тікелей эфирден көрсетіледі

Мемлекет басшысының қатысуымен Душанбеде өтетін іс-шаралар "Хабар 24" телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Фото: Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан алынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және ҰҚШҰ мен ШЫҰ құрамындағы елдер басшыларының отырысына қатысады. Президенттің баспасөз қызметі Душанбеде өтетін іс-шараларды «Хабар 24» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетуді ұйымдастырды. Басталуы: Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:30, − деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті.

Exit mobile version