Сауда орталығында сақалды, қап-қара киінген бейтаныс адам дәретханаға барып келгенше сөмкесін ұстай тұруын өтінді. Не істейсіз?
Қызыңыз басқа ұлт азаматына тұрмысқа шығатынын айтып, батаңызды сұрап келді. Рұқсат бересіз бе?
А есімді қыз түнгі клубқа қысқа көйлекпен барды. Оны клубтан шыққаннан кейін бейтаныс жігіт зорламақ болды. Кім кінәлі?
Автобуста отырғаныңызда аялдамадан 35-40 жас шамасындағы әйел және қолында кішкентай баласы бар ер адам мінді. Қайсына орын бересіз?
Қаранәсілді адамның көбі ұры, қылмыскер болады дегенге сенесіз бе?
Ер адамның ыдыс жуып, киім үтіктегеніне қалай қарайсыз?
Компанияңызға екі адам жұмыс сұрап келді. Бірі – көпбалалы ана. Екіншісі – ер адам. Қайсын таңдайсыз?
"Наймандар бәле болады, оларға сенбеу керек" деген пікірмен келісесіз бе?
Жасөспірім балаңыз бар делік. Онымен жыныстық қарым-қатынас туралы сөйлесесіз бе?
Сіздің ойыңызша, махаббат жасқа қарай ма?
Тест: стереотиптен қаншалықты аулақсыз?
Жарайсыз!
Стереотиптерден аулақ адам екенсіз. Жалпы стереотиптің соңы біреуді алалауға, құқығын шектеуге, дұрыс ой қалыптаспауына алып келеді. Сол себепті сіздің қазіргі ұстанымыңыз ұнап тұр. Осы бетіңізден таймаңыз!
Ескеріңіз!
Адамның жынысына, ұлтына, дініне, қабілетіне, жалпы кез келген жағдаятқа қатысты стереотип адамның өмірін қиындатады. Сол себепті оларға сенбеген жөн.
Өзіңізді шектемеңіз!
Сіз кей мәселені белгілі бір стереотипке сүйеніп қана бағалайтыныңызды түсінесіз. Мұндай әдетіңізбен күресіп те жүрген шығарсыз. Бастысы қатеңізді түзеуден қорықпаңыз.
Әлеуметтік желіде бөлісу: