Басты бет Медицина Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 77 науқас қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 77 науқас қайтыс болды

Қазақстанда 13 қыркүйектің қорытындысы бойынша коронавирустан 64 адам қайтыс болды, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 13 өлім дерегі тіркелді.

Фото: Liter.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің 15 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 75 685 адам (67 269+ және 8 416 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 14 335 науқас, амбулаторияда 61 350 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 136 адамның жағдайы ауыр, 350 пациенттің жағдайы өте ауыр. 198 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 2 930 адамнан коронавирус анықталды.

 

Exit mobile version