Владимир Путин карантинге жататынын мәлімдеді

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновпен әңгіме барысында өзінің айналасында COVID-19-бен ауырғандардың көбеюіне байланысты өзін өзі оқшаулауға мәжбүр екенін айтты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Tass.ru

Владимир Путин айналасында анықталған коронавирус жағдайларына байланысты белгілі бір уақыт аралығында өзін өзі оқшаулау режимін сақтау керек екенін хабарлады, − делінген хабарламада.

Жағдайды ескере отырып, Владимир Путин осы аптада Душанбедегі ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің жоспарланған сессиясына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына видоконференция режимінде қатысады.

Exit mobile version