Көмір бағасы нарықтық қатынастарда қалыптасады. Ол мемлекет тарапынан реттелмейді, — деді Бейбіт Атамқұлов.
Министр әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің бағасына тоқталды.
Өңірлердегі көмірдің құны тоннасы 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты болады. Мемлекет басшысының жолдауын орындау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Министрлік өңірлік операторларға қойылатын талаптар бөлігінде ұсыныстар әзірледі, — деді министр.
Ол дебюторлық берешекке қатысты мәселеге тоқталды.
Биыл қыркүйекте тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 млрд теңгені құрайды. 4 өңірде ең көп берешек бар. Олар – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қызылорда облысы, — деді Бейбіт Атамқұлов.