Басты бет Қоғам Министр бюджет қаржысын игермеген өңірлер мен ведомстволарды атады

Министр бюджет қаржысын игермеген өңірлер мен ведомстволарды атады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда барлық бюджет деңгейінде атқарылу көрсеткіші жоғары.

Фото: Businessmir.kz

Республикалық бюджет бойынша 9,9 триллион теңгеге шығыс жүргізілді. 31 миллиард теңге атқарылған жоқ, оның ішінде 7 миллиард теңгесі – үнемдеу.

Игерілмегені – 24 миллиард теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары денсаулық сақтау, ішкі істер, мәдениет және спорт, әділет, төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты, — деді Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында.

Министрлің сөзінше, бюджет қаржысын игермеудің негізгі себептері – төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды, төлем нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін жүргізілген, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау және тағы басқа.

Ведомство басшысы жергілікті бюджеттер шығысы 5,2 триллион теңге болғанын, 64 миллиард теңге атқарылмағанын айтты.

Биыл өңірлерге 2,5 триллион теңге нысаналы трансферт көзделді. 1 қыркүйекке дейін оларға 1 триллион 358 миллиард теңге бөлінген. Оның 98%-і игерілді. Игерілмегені – 23,5 миллиард теңге, — деді ол.

Бюджет ақшасын ең көп игермеген өңірлер – Нұр-Сұлтан мен Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Exit mobile version