Басты бет Қоғам Маңғыстау облысында жалған вакцинация паспортын сатқан сегіз адам ұсталды

Маңғыстау облысында жалған вакцинация паспортын сатқан сегіз адам ұсталды

Маңғыстау облысының криминалдық полициясы жалған вакцинация паспортын сатқан сегіз адамды анықтады. Олардың арасында дәрігерлер мен олардың делдалдары бар.

Иллюстрация: Аzattyq-ruhy.kz

Маңғыстау облысының полиция департаменті 6 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, процедурадан өтпеген адамдарға жалған вакцинация паспорттарын сатқан дәрігерлер мен делдалдарды, барлығы сегіз адамды ұстағанын мәлімдеді.

Олар деректер базасында ресми тіркелген құжат үшін 30-50 мың теңге алған. Күдіктілер 150-ден аса тұрғынға жалған паспорт сатқандарын мойындаған.

Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі («Бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша соталды тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Exit mobile version