Басты бет Қоғам Америкалық генерал Кеннет Маккензи Қазақстанға келді

Америкалық генерал Кеннет Маккензи Қазақстанға келді

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен АҚШ Қарулы күштері орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар Ауғанстандағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздікті, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты, оның ішінде бітімгершілік қызмет шеңберіндегі мәселелерді талқылады, — делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі

Фотолар Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды

Exit mobile version