Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев 20 жыл бұрынғы террорлық акт құрбандарын еске алды

Қасым-Жомарт Тоқаев 20 жыл бұрынғы террорлық акт құрбандарын еске алды

Бүгін - 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте болған террорлық актіден қаза тапқандарды еске алу күні.

Фото: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жантүршігерлік оқиға бүкіл дүниежүзіндегі миллиондаған адамның жадында берік сақталғанын айтты.

Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі — 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз. Жалпы адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның жадында берік сақталған, — деп жазды президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимылдарды қолдайтынын нақтылады.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету — Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы, — деп жазды ол.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1436547542314110977

Еске салайық, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. Салдарынан 3 мыңға жуық адам қаза тапты.

Exit mobile version