Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жантүршігерлік оқиға бүкіл дүниежүзіндегі миллиондаған адамның жадында берік сақталғанын айтты.
Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі — 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз. Жалпы адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның жадында берік сақталған, — деп жазды президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимылдарды қолдайтынын нақтылады.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету — Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы, — деп жазды ол.
https://twitter.com/TokayevKZ/status/1436547542314110977
Еске салайық, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. Салдарынан 3 мыңға жуық адам қаза тапты.