Басты бет Жаңалықтар Сейсмология институты Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді

Сейсмология институты Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді

Премьер-министр Асқар Маминнің бұйрығымен Сейсмология институты Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді. Бұл туралы Primeminister.kz сайтында жарияланды.

Фото: Nzherald.co.nz

Айта кетейік, бұған дейін институт Білім және ғылым министрлігіне қараған еді.

«Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтары және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне берілсін, − деп жазылған қаулыда.

Exit mobile version