Басты бет Жаңалықтар Қостанай облысында 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

Қостанай облысында 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

Қостанай облысы Денисовский ауданында 19 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Turaninform.kz

Мәліметтер бойынша, ол Перелески ауылында жұмыстан шыққан соң жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, олар оны соңғы рет 25 тамызда көрген. Алайда, қыздың мәйіті көп ұзамай өзі жұмыс істейтін дәмханадан 150 метрдей қашықтағы орман плантациясында табылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында Денисовский ауданы, Перелески ауылының 19 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Іздеуге полицейлер, еріктілер мен туыстары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, − деді баспасөз қызметінің өкілі.

Exit mobile version