Басты бет Жаңалықтар Атырауда 89 оқушы коронавирус жұқтырды

Атырауда 89 оқушы коронавирус жұқтырды

Атырауда 89 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы облыстық бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырова айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, 1-5 қыркүйек аралығында мектеп жасындағы бір оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Жазғы каникул кезінде мектеп жасындағы 88 бала қауіпті вирусқа шалдыққан. Олардың бәрі үйінде ата-анасымен байланыста болған. Ал 1 қыркүйектен кейін карантиндік оқшаулау жағдайындағы ата-анасымен жақын қарым-қатынаста болған бір оқушының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бірақ бұл оқушы мектепке бармағаны, сыныптастарымен байланыс жасамағаны белгілі болды, − дейді Гүлназ Ербатырова.

 

 

Exit mobile version