Басты бет Медицина Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 97 адам қайтыс болды

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 97 адам қайтыс болды

Қазақстанда 8 қыркүйектің қорытындысы бойынша коронавирустан 78 адам қайтыс болды, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 19 өлім дерегі тіркелді.

Фото: Coronavirus2020.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

10 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 82 162 адам коронавирус инфекциясынан (–74 116 + және 8 046 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде стационарда 17 245 пациент, ал амбулаториялық деңгейде 64 917 науқас бар.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 310 адамның жағдайы ауыр;
  • 373 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 208 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 4 024 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Exit mobile version