Басты бет Медицина Қазақстанға қытайлық вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді

Қазақстанға қытайлық вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді

Қазақстанға VeroCell вакцинасының тағы 3 миллион дозасы жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ведомствоның хабарына қарағанда, жеткізілген вакцина дозалары Қазақстан халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.

Бірыңғай дистрибьютор Қытаймен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша 4 миллион доза сатып алды.

вакцина, Қытай, ұшақ, Vero cell
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Vero Cell — Қазақстанда тіркелген бесінші вакцина. COVID-19-ға қарсы препарат Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 202 жылдың көктемінде мақұлдаған, дүниежүзінің 45 елінде мойындалған. Вакцина екі дозалы. Сақтау мерзімі — 24 ай.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, Қазақстан 10 тамызда Sinopharm компаниясы шығарған вакцинаның миллион дозасын, ал сәуір айының соңында БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған миллион дозаны алды.

Exit mobile version