Басты бет Қоғам Алматыда 90-ға жуық оқушыдан коронавирус анықталды

Алматыда 90-ға жуық оқушыдан коронавирус анықталды

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа оқу жылы басталғалы 89 оқушы вирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, сабақ басталғанға дейін бір тәулікте 160 оқушыдан вирус анықталған.

Қазір оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы төмендеді. Оқу жылы басталғалы мектепке барып білім алған 89 баладан вирус анықталды. Олар білім алған сыныптың барлығы карантинге жабылды, яғни оқушылар онлайн режимде білім алып жатыр. Оқушылар вирусты мектеп қабырғасында емес, отбасында жұқтырған. Сондықтан ата-ана қауіпсіздік талаптарын сақтануы қажет, − деді Жандарбек Бекшин.

Бас дәрігердің айтуынша, бұған жол бермеу үшін отбасында вирус жұқтарған туыстар оқшаулануы керек және олармен баланың байланысын шектеуі қажет. Егер үй-жағдайында оқшаулану мүмкін болмаса, онда ауырған адамды медициналық мекемелерге карантинге жіберуге болады.

Exit mobile version