Бұған дейін сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген еді. Ал жексенбіде жұмыс істемейтін.
Осылайша, қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін штаттық режимде жүретін болады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, дезинфекция жұмыстары тұрақты жалғасып, автобустар күн сайын өңделіп тұрады. Қоғамдық көліктерде маска режимін сақтау керек. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады.