Басты бет Жаңалықтар Екібастұзда комбинат директоры жалған құжаттар жасаумен айналысқан

Екібастұзда комбинат директоры жалған құжаттар жасаумен айналысқан

Екібастұзда полицейлер 75 жастағы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ер адам тергеу барысында оқу-курстық комбинаттардың бірінің директоры бола отырып, курстарды бітіргені туралы 5 білікті куәлік дайындаған. Одан әрі ақшалай сыйақы үшін акционерлік қоғамдардың бірінің қызметкерлеріне жалған құжаттар сатқан, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, биыл басынан бері Павлодар облысының аумағында полицейлер жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізудің 76 фактісін анықтаған.

Exit mobile version