Басты бет Жаңалықтар Алматыдан Мальдив аралдарына тұрақты рейстер ашылады

Алматыдан Мальдив аралдарына тұрақты рейстер ашылады

Рейстер Б767 және А321LR әуе кемелерімен орындалады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Аviapages.ru

Биыл 4 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Мале бағытында тұрақты рейстер ашады.

Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиялық жағдайға және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Exit mobile version